Қарағанды фармацевтикалық кешені иммунобиологиялық, биофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірісіне бағытталған. Өндірістің бұл ерекшелігі инновациялық сипатқа ие және де Қазақстан Республикасында бұрын соңды болмаған. Әлемдік және ресейлік жетекші компаниялардың технологияларын тасымалдау (технология трансфері) халықаралық стандартқа сай дәрілік препараттардың ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Қазақстан фармацевтикалық нарығының импортқа тәуелділігін азайтып, отандық дәрілік заттардың ЕАЭО елдері мен одан тыс аймақтарға экспортын арттыруға ықпал етеді.
Біздің сандық көрсеткіштер
100 млн $ астам
Құрылысқа инвестиция салынған
18 өнім атауы
Өндірілген дәрілік заттар саны
100 000 астам емделуші
Препараттарымыздың қолданушылары.
4 млн-нан астам
Өндірістік қуаттылыққа ие.
МИССИЯ
Адам денсаулығы үшін тиімділігі жоғары, қауіпсіз және инновациялық биотехнологиялық дәрілік заттар өндірудеміз.
Біз жетекші фармацевтикалық компаниялармен серіктестік орната отырып, онкологиялық, орфандық және аутоиммундық ауруларға қарсы биотехнологиялық препараттарды өндіру технологиясының трансферін жүзеге асырамыз.
Халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсарту үрдісіне өз үлесімізді қосудамыз.
Біздің құндылықтарымыз
Адалдық Біз бизнесті адал жүргізу принциптерін ұстана отырып, сенімді қарым-қатынастар құруға және әрбір әрекетіміздің ашық болуына ерекше мән береміз.
Жауапкершілік Біз қоғам алдындағы жауапкершілікті сезініп, технологиялық және экологиялық жоғары стандарттарды қатаң сақтай отырып, қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуды мақсат тұтамыз.
Жеке тұлғаны құрметтеу Біз адам капиталын компаниямыздың ең құнды активі ретінде қабылдап, әр қызметкерге құрмет, сенім және қолдау көрсетуге негізделген қарым-қатынас құрамыз.
Инновация Біз адамдардың денсаулығын жақсарту және өмір сапасын арттыру мақсатында жаңа ғылыми зерттеулер мен технологияларды үздіксіз енгізуге ұмтыламыз.
Сапа Халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерді қатаң сақтай отырып, жоғары сапалы әрі тиімді өнім өндіруге барынша күш салудамыз.
Тиімділік Біз ресурстарды тиімді пайдалануды жоғары бағалап, аз шығынмен максималды нәтижеге жетуге ұмтыламыз, қызметіміздің барлық саласында рационалдылық пен өнімділікті қамтамасыз етеміз.